Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып жүрген Стипендиаттар арасынан амбассадорлар желісін қалыптастыруды көздейтін «Болашақ бағдарламасының Амбассадоры» жобасын бастады.
Амбассадорлар – стипендиаттар, шетелдік жоғары оқу орындары, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қоғам арасындағы сенімді көпір қызметін атқарады.
Жобаның негізгі мақсаты:
Бағдарлама қатысушылары мен Орталық арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету;
Шетелдегі «Болашақ» бағдарламасының оң имиджін нығайту;
Жаңа студенттердің бейімделуіне қолдау көрсету;
Оқу елдерінде ақпараттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 19 қазанға дейін (қоса алғанда).
Назар аударыңыз: Жобаға қазіргі уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерде академиялық оқуда жүрген «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары ғана қатыса алады.
Жобаға ниет білдіруші «Болашақ» бағдарламасының Стипендиаттары толық ақпаратты өздерінің кураторларынан нақтылай алады.