Жарияланған күні:
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарға әлемдік деңгейдегі білім алумен қатар кәсіби тұрғыда өсуге нақты мүмкіндік беретін жаңа «Болашаққа көпір» жобасын іске қосып отыр. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жүзеге асырып отырған бұл бастама таланттар мен мансаптық мүмкіндіктерді біріктіріп, білім, бизнес және мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықтың заманауи экожүйесін қалыптастыруды мақсат етеді.
Жобаның негізгі идеясы – шетелде алынған академиялық білімді Қазақстан еңбек нарығының нақты сұраныстарымен ұштастыру. Енді стипендиаттар оқу кезеңінде-ақ отандық компаниялардың нақты зерттеу және өндірістік тапсырмаларын орындай алады. Мұндай тәсіл жұмыс берушілерге білікті кадрларды алдын ала іріктеуге, ал түлектерге елге оралған соң кәсіби жолын сенімді бастауға мүмкіндік береді. Бұл бастама адам капиталының дамуына қатысты жаһандық үрдістерге толық сәйкес келеді және білімге салынған инвестицияның ел экономикасына нақты пайда алып келуін көздейді.
Жоба туралы барлық мағлұматтар «Болашақ» стипендиаттарына жолданады.
Өз болашағыңа көпір сал – «Болашақпен» бірге!