BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

20/08/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Harvard University Davis Center өкілдерімен кездесуі

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Harvard University Davis Center өкілдерімен кездесуі 2025 жылғы 20 тамызда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов Harvard University Davis Center өкілдерімен — Орталықтың атқарушы директоры Крис Мартинмен және Орталық Азия бойынша бағдарламала директоры Наргис Касеновамен кездесу өткізді.

Сапардың негізгі мақсаты ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылау болды. Келіссөздер барысында тараптар кәсіби және ғылыми тағылымдамалар бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды, сондай-ақ Үміткер

Толық оқу
бөлісу

18/08/2025

«Ғылыми тағылымдамаларға» өтінімдерді онлайн қабылдау ашылды

Құрметті үміткерлер!

Құжат тапсыру үдерісін оңтайландыру мақсатында 2025 жылғы 18 тамыздан бастап ғылыми тағылымдамалардан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін онлайн өтінім қабылдау іске қосылады.

Енді өтінімді мына тәсілдер арқылы беруге болады:

  • Онлайн форматта — bolashak.gov.kz сайтындағы «Қабылдау: Ғылыми тағылымдама» бөлімінде, мына сілтеме бойынша: https://egov.kz/cms/kk/services/higher_education/pass474_mon
  • немесе қағаз түрінде — «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да.Мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет.

Өтінім беру барысын

Толық оқу
бөлісу

15/08/2025

Асхат Әбдүбеков — инженерия, жаһандық ойлау және мега жобалармен жұмыс туралы

Асхат Абдубеков - инженер-конструктор, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Ол әлемдегі жетекші техникалық университеттердің бірі — Imperial College London-да құрылыс инженері мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Асхаттың кәсіби жолы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының еншілес кәсіпорны - Astana Solar зауытында өндірістік тәжірибеден басталды. Мұнда ол алғаш рет қолданбалы инженерия саласында құнды тәжірибе жинақтап, күн панельдерін өндірудің толық циклімен танысты.

Бакалавриатты аяқтағаннан кейін Асхат Нью-Йорктегі (АҚШ) жобалау компаниясында мансабын жалғастырды, онда үш жыл бойы инфрақұрыл

Толық оқу
бөлісу

13/08/2025

Халықаралық бағдарламалар орталығы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған онлайн-эстафетаны жалғастыруда

Достар, біз Орталық қызметкерлері ұлы ақынның шығармаларын оқитын жаңа бейнероликті қуана ұсынамыз.

Бұл бастама - Абайдың рухани мұрасына қол жеткізу және болашақ ұрпаққа қалдырған құндылықтарын еске түсіру тәсілі.

Қосылыңыз! Оқыңыз, бөлісіңіз, шабыт алыңыз.

Толық оқу
бөлісу

12/08/2025

Энергетикадағы халықаралық тағылымдама тәжірибесі: Елена Кудибасова сын-қатерлер мен шешімдер туралы

Елена Кудибасова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Сан-Диегодағы Калифорния университетінде (University of California, San Diego) «Электр энергетикасы» бағыты бойынша тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама елдің бірыңғай энергия жүйесіне ірі ауқымды жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) интеграциялау мәселелерін зерделеуге бағытталған. Бағдарлама шеңберінде Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесін ұлғайту жағдайында энергия жүйелерінің тұрақтылығы мен сенімділігінің техникалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. 2011 жылдан бастап Елена «KEGOC» АҚ Жүйелік операторының Ұлттық диспетчерлік орталығы

Толық оқу
бөлісу

11/08/2025

Тәжікстанның жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім беру саласындағы ынытымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2025-2026 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша грант ұсынылды:

  • бакалавриат – 70 орын;
  • магистратура – 20 орын;
  • үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.

Оқу тілі – тәжік/орыс тілі.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәй
Толық оқу
бөлісу

08/08/2025

«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды, ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Бұл ретте стипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.

Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту

Толық оқу
бөлісу

08/08/2025

ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ШЕҢБЕРІНДЕ ӘЗІРБАЙЖАНДА ОҚУ ҮШІН ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзірбайжан Республикасы Білім министрлігінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде 11 қазақстандық 2025-2026 академиялық жылға арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Әзірбайжан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға арналған гранттардың иегерлері болды.

Тізімге бакалавриат бағдарламасы бойынша 9 үміткер, магистратура бағдарламасы бойынша 1 үміткер және докторантура бағдарламасы бойынша 1 үміткер кірді.

Грант мынадай шығыстарды жабуды көздейді:

  • тегін оқыту;
  • ай сайынғы стипендия;
  • медицин
Толық оқу
бөлісу