Жарияланған күні:
Гүлмира Мурзакаева – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі. Ол Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінде (The Lithuanian University of Health Sciences, Каунас қ.) «Ветеринария. Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның тағылымдама тақырыбы «Жануарлардың патоморфологиясы» болды.
Бүгінде Гүлмира Қалиханқызы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде қызмет атқарып, алған білімін оқу үдерісі мен ғылыми қызметке белсенді енгізуде. Ол жануарлар патоморфологиясын дамытуға, заманауи диагностикалық және зертханалық әдістерді енгізуге, сондай-ақ студенттердің тәжірибелік даярлығына ерекше көңіл бөледі.
Тағылымдама барысында ол жануарлар мен құстарды патологоанатомиялық ашудың заманауи әдістерін, гистологиялық және цитологиялық зерттеулерді, сондай-ақ жұқпалы ауруларды диагностикалау тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуде тәжірибе жинақтап, ветеринарлық орталықтарды ұйымдастыру және студенттерді дуальды оқыту бойынша еуропалық тәжірибені зерттеді. Бұл білім қазірдің өзінде оның ғылыми-педагогикалық қызметінде қолданылып жүр және жануарлар патоморфологиясы бойынша оқу құралының негізін құрайтын болады.
«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы халықаралық тәжірибені игеруге, кәсіби көкжиегімді кеңейтуге және заманауи құзыреттерді алуға бірегей мүмкіндік болды. Бағдарлама Еуропаның жетекші университеттерінің бірінде оқу мен тәжірибеден өтуге, ғылыми байланыстар орнатуға және жаңа білімді Қазақстандағы ветеринарлық білім мен ғылымды дамытуға бейімдеуге жол ашты», - деп атап өтті түлек.