Жарияланған күні:
Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуын мерекелеу аясында Халықаралық бағдарламалар орталығы ұлы ақын мен ойшылдың шығармаларын оқу бойынша онлайн-эстафетаны іске қосады.
Абай Құнанбаев - рухани мұраны, білімге деген ұмтылысты және адамгершілік кемелдікті бейнелейтін қазақ халқының көрнекті ұлы. Оның философиялық тереңдікке және әмбебап адами құндылықтарға толы еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді, қазіргі ұрпақты жеке және қоғамдық дамуға, адалдыққа және Отанға қызмет етуге шабыттандырады.
Абай шығармалары - өткен мен болашақты, мәдениет пен прогресті біріктіретін даналық көзі. Эстафета ұлы ағартушыға құрмет көрсетіп қана қоймай, ұлттық сана мен интеллектуалды өсудің маңыздылығын еске салады.
Онлайн эстафетаны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Құсманов ашады, ол Абайдың «Түнде баянды еңбек егін салғанның» туындысын оқып, бастаманы орталық қызметкерлеріне, сондай-ақ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ашкин Арманға жолдады. Жоба аясында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттар мен түлектерді тарту жоспарлануда.