Жарияланған күні:
2025 жылғы 10 қыркүйекте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ алаңында «Болашақ» бағдарламасының түлектері оқу курсы шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өкілдерінің алдында адами капиталды дамыту тақырыбында дәрістер оқыды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов өз сөзінде AI Sana бағдарламасының маңыздылығына, сондай-ақ Жолдау аясында Қазақстан Республикасының Президенті айтып өткен мектептегі білім шеңберінде жасанды интеллект саласында дағдыларды қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мектеп орындығынан бастап құзыреттілікті дамыту үшін тікелей мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажет. «Болашақ» бағдарламасы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында, оның ішінде мектеп мұғалімдері үшін кәсіптік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Сондай-ақ, Ә. Құсманов жасанды интеллект саласында дағдыларды қалыптастыру мақсатында 2024 жылы «Болашак» халықаралық стипендиясы шеңберінде осы бағыт бойынша мамандар даярлау үшін жекелеген гранттар бөлінгенін атап өтті. Ә. Құсманов білім берудің маңыздылығын айта отырып, инновациялардың дамуына да назар аударды. Қазақстанда ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына қарамастан, дамыған елдермен салыстырғанда осы салаға жұмсалатын шығыстардың деңгейі жеткіліксіз болып қалуда.
Осыған байланысты, инновациялық саясатты ҚР ҒЖБМ-ның қарауына беру осы бағытты дамыту және оны ғылыммен ықпалдастыру үшін стратегиялық қадам болып табылады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Айболат Әбітбеков «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік университеттерге түсу мүмкіндіктері туралы сөз етті. Оның «Ойлағаннан да жеңіл: шетелдік жоғары оқу орнына түсу стратегиясы» («Проще, чем кажется: стратегии поступления в топовый зарубежный вуз») атты кітабы дәл осы тақырыпқа арналған.
Іс-шара барысында «Болашақ» бағдарламасының түлектері адами капиталды дамытуға арналған дәрістерін оқыды, олар:
Әйгерім Тарбағатаева – сертификатталған бизнес-тренер, лайф-жаттықтырушы, әдіскер, Қазақстанның бизнес-тренерлер қауымдастығының басшысы, Назарбаев Университетінің кәсіпкерлік орталығының зерттеушісі, Imperial College London әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі зерттеу тобының мүшесі және Samruk Business Academy сарапшысы;
Фазылбаев Ильфат – өндірістік және еңбек қатынастары магистрі (Cornell University), Назарбаев Университетінің Президенті Кеңсесінің басшысы.
Академия өкілдері «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні аясында адами капитал тақырыбының өзекті екенін атап өтті. Дәрістерде экономикалық өсімнің драйвері ретінде білім беруге инвестициялардың рөлі, үздік әлемдік тәжірибелер, білім беру саясаты мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзара байланысы, Қазақстандағы адами капиталды дамыту жөніндегі шаралар, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жетістіктері сияқты маңызды мәселелер қозғалды.
Іс-шара білім алмасу мен ғылым, білім беру мен адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.