Жарияланған күні:

Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Qazaqstan International Science and Technology Association арасында меморандумға қол қойылды

2025 жылдың шілде айында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Құсманов пен Qazaqstan International Science and Technology Association Президенті С. Мейірманов Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат ғылыми және кәсіби тағылымдамалар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Тараптар «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары шеңберінде шетелдік университеттермен және ғылыми ұйымдармен кәсіби байланыс орнатуға келісті.

Qazaqstan International Science and Technology Association шетелде жұмыс істейтін қазақстандық зерттеушілерді біріктіреді және халықаралық ғылыми өзара іс-қимылды ілгерілетуде Орталықтың серіктесі.

Меморандумға қол қоюдағы мақсат - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жолындағы маңызды қадам.

фото.jpg