Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Qazaq International Science and Technology Association (QIST)өкілдерімен Онлайн-кездесуі

2025 жылғы 14 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Qazaq International Science and Technology Association (QIST) өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті. Іс-шараға QIST Президенті, Жапония Ritsumeikan Asia Pacific University проректоры Серік Мейірманов және Қауымдастықтың вице-президенті, дәрігер – нейрохирург, charité-Universitätsmedizin Berlin клиникалық нейроғылым бойынша докторант Ғалымжан Исабеков қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты қазақстандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау. Диалог барысында ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы туралы толық ақпарат ұсынылды: үміткерлерге қойылатын талаптар, өтінім берудің негізгі кезеңдері, сондай-ақ зерттеулердің басым бағыттары.

QIST өкілдері қатысушыларды қауымдастық қызметімен, оның мақсаттары мен миссиясымен таныстырды. QIST шетелде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдар үшін халықаралық платформа рөлін атқарады және ғылыми ынтымақтастықты, кәсіби өсуді және білім алмасуды дамытуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта қауымдастыққа 24 елден 100-ден астам қатысушы кіреді, сонымен қатар ұйымды әртүрлі ғылыми ортада ұсынатын елшілер белсенді жұмыс істейді. QIST миссиясы семинарлар, панельдік пікірталастар, халықаралық конференциялар мен білім беру лагерлерін өткізу арқылы қазақстандық зерттеушілердің мансаптық дамуын қолдау.

Кездесу соңында екі тарап еліміздің ғылыми әлеуетін қолдау мен дамытуға бағытталған ынтымақтастықты дамытуға және бастамаларды бірлесіп іске асыруға өзара қызығушылық танытты.

Qazaq International Science and Technology Association фото.jpg