Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жаңа цифрлық серігі – «Bolashak AI» Telegram-ботты пилоттық режимде іске қосты

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жасанды интеллект технологияларының негізінде Telegram-бот әзірледі. Бұл – Орталық қызметтеріне қолжетімділікті жеңілдететін және пайдаланушы сұрақтарына жедел жауап беретін заманауи шешім.

Енді мамандардың жауабын күтіп немесе Орталыққа жүгінудің қажеті жоқ – чатқа сұрағыңызды қойсаңыз болғаны, бот мазмұнды жауап береді.

Әрбір сұраныс жүйеде автоматты түрде тіркеледі және кеңес алу қызметі тәулік бойы (24/7) онлайн форматта қолжетімді болады.

Навигацияға ыңғайлы болу үшін сұрақтың тілі (қазақ және орыс тілінде) берілген және оқу бағдарламаларын таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда:

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясы;
  • Халықаралық келісімдер шеңберіндегі гранттар;
  • «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы;
  • Шетелдік студенттер мен қандастарға арналған стипендиялық бағдарлама (ағылшын тілінде де қолжетімді) ұсынылған.

Telegram-бот тек қысқа жауаптармен шектелмейді – ол сіздің зияткерлік көмекшіңіз бола алады. Әр жауаптың соңында боттың көмегімен жасалғаны туралы ескерту (дисклеймер) көрсетіледі.

Bolashak AI Telegram-ботының жұмысына қатысты сұрақтар бойынша мына электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: bolashak.ai@bolashak.gov.kz.

Сонымен қатар бот тек жиі қойылатын сұрақтар базасына ғана емес, ресми нормативтік-құқықтық құжаттарға да сүйенеді. Осыған байланысты ұсынылатын ақпарат ресми деректер мен қолданыстағы заңнама талаптарына сай беріледі.

Telegram-бот: https://t.me/bolashak_test_bot