Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Астана ұлттық зертханасының кездесуі

2025 жылғы 25 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы атынан Басқарма төрағасы А. Құсманов пен Басқарма төрағасының орынбасары А. Рахмет Назарбаев Университетінің базасында орналасқан Астана ұлттық зертханасының (NATIONAL LABORATORY Astana) өкілдерімен кездесті.

Ұлттық зертхана тарапынан зертхананың бас директоры, профессор Дос Сарбасов, Энергетика және озық материалдар орталығының директоры (Center for Energy and Advanced Materials), доктор Жұмабай Бакенов, сондай-ақ Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры (Center for Life Sciences), доктор Айнұр Ақылжанова қатысты.

Астана ұлттық зертханасы медицина, денсаулық сақтау, энергетика, материалтану және жасыл энергетика сияқты түрлі салаларда ғылыми зерттеулермен айналысады. Зертхана Қазақстанның негізгі ғылыми орталықтарының бірі және бірқатар маңызды бағыттарда білім мен инновацияларды дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

Кездесу барысында тараптар Орталық іске асыратын ғылыми тағылымдамалардың мемлекеттік бағдарламасына зертхана қызметкерлерінің қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс барысы, үміткерлерге қойылатын талаптар, өтінім беру мерзімі және бағдарламаның негізгі шарттары туралы талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық зертхана басшылығы осы бастамаға жәрдемдесуге терең қызығушылық білдірді, сондай-ақ ғылыми тағылымдамалардың неғұрлым ұзақ форматтарының келешегін одан әрі талқылауға дайын екендігін атап өтті.

аватарка.jpg