Жарияланған күні:
Ұлттық статистика бюросында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов пен ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың кездесуі өтті. Тараптар «Болашақ» бағдарламасы аясында қызметкерлердің біліктілігін арттыру перспективаларын, бағдарламаның жаңашылдықтарын, сондай-ақ экономика, статистика және деректерді талдау саласындағы кадрларды даярлау мәселелерін талқылады.
Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев мемлекеттік қызметкерлердің білім алуын және кәсіби дамуын маңызды деп атап өтті. Ол біліктілікті арттырудың Бюроның трансформациясындағы негізгі рөлін атап өтіп, қазіргі уақытта қызметкерлер үшін қолжетімді білім беру бағдарламаларын таныстырды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов «Болашақ» стипендиясын тағайындау бойынша үміткерлерді іріктеу қағидаларына енгізілген өзекті өзгерістерді ұсынды. Өз сөзінде ол іріктеу процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа критерийлер туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Мысалы, биылдан бастап конкурстык іріктеуге сурыптау механизмі енгізілді, осылайша тек ең дайындалған үміткерлер ғана тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен сұхбатқа жіберіледі. Сондай-ақ, биылдан бастап магистр дәрежесін алу үшін «мемлекеттік қызметшілер» атты жеке санат енгізілді.
«Адами капиталды дамыту – мемлекеттік басқару жүйесін тиімді трансформациялаудың негізгі факторларының бірі. «Болашақ» бағдарламасы білікті мамандар даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Әділ Құсманов.

