Жарияланған күні:
Астанада «KAZENERGY» Ассоциациясының Адами капиталды дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл жиын энергетика саласындағы кадрлық мәселелер мен жаңа кәсіби талаптарды талқылауға арналған маңызды алаң болды.
Қатысушылар кәсіби біліктіліктерді дамыту, еңбек қатынастарын реттеу және адами капиталды жетілдіру бағытындағы негізгі трендтерді қарастырып, саланы жаңа экономикалық және технологиялық жағдайларға бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.
Дискуссия барысында кәсіби стандарттарды жаңарту, қызметкерлердің медициналық қолдау сапасын арттыру, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіби тәуекелдерді басқарудың заманауи құралдарын енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ KAZENERGY Ассоциациясының кадрлық әлеуетті нығайту бойынша алдыңғы нәтижелері таныстырылды.
Ең үлкен назар аударылған тақырып – ««Болашақ» бағдарламасын іске асыруда жұмыс берушілермен ынтымақтастық: ұсыныстар мен жаңа тәсілдер» мәселесі бойынша АО «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Басқарма төрағасы Әділ Құсмановтың баяндамасы болды. Өз сөзінде ол «Болашақ» бағдарламасы мен нақты экономикалық сектор арасындағы жүйелі өзара әрекеттестіктің, сондай-ақ түлектердің еңбек нарығына тиімді жолдама алу механизмдерін дамыту маңызды екенін айтты.
Әділ Құсманов жиын қатысушыларына: «Бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау үшін білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің үйлестірілген іс-әрекеті қажет. Компаниялардың мамандарды даярлау процесіне қатысуы түлектердің кәсіби дағдыларының саланың талаптарына сай болуын қамтамасыз етеді», – деді.
Сондай-ақ тағылымдамаларды ұйымдастыру, бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру және салалық кері байланыстың тиімді жүйесін құру мәселелері қаралды. Бұл түлектердің кәсіби ортаға тез бейімделуіне және компаниялардың қажетті кадрларды уақытылы алуы үшін маңызды.
Жиын қорытындысында білім беру, бизнес және салалық институттар арасындағы синергия адами капиталдың тұрақты дамуы үшін негізгі фактор екені атап өтілді. Қатысушылар Халықаралық бағдарламалар орталығының ұсыныстарын қолдап, олардың энергетика саласы үшін практикалық маңыздылығын растады.
Соңында тараптар бірлескен бастамаларды әрі қарай іске асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға келісімге келді.