Жарияланған күні:

Pennsylvania State University өкілдерінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымымен кездесуі

21 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінде Пенсильвания мемлекеттік университетінің (The Pennsylvania State University, Penn State) өкілдерімен кездесу өтті. Делегация құрамында Қонақ үй менеджменті мектебінің профессоры Филип Джолли (Dr. Филлип Джолли) және Еуразия аймақтарымен серіктестік келісімдер мен ынтымақтастық жөніндегі директор Влад Лихолетов (Vlad Likholetov) болды.

Пенсильвания штаты университеті – Penn State ретінде кеңінен танымал АҚШ-тың ірі мемлекеттік зерттеу университеттерінің бірі. Бас кампус Пенсильвания штатындағы Юниверсити-Парк қаласында орналасқан. Penn State – бүкіл штат бойынша 20-дан астам кампусты қамтитын және академиялық және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерінің кең ауқымын ұсынатын мультикампустық жүйе.

Кездесу барысында орталық өкілдері «Болашақ» бағдарламасы мен ғылыми тағылымдамаларды қоса алғанда, ұйым қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ, биыл қолданысқа енген үміткерлерді іріктеу қағидаларындағы өзекті өзгерістер талқыланды.

Penn State өкілдері бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті. Қазақстанның басқа да білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше қызығушылық білдірді.

Профессор Филип Джолли қонақ үй менеджменті мектебінің қолданыстағы академиялық бастамалары туралы егжей-тегжейлі айтып, университеттің Қазақстаннан студенттер санын көбейтуге мүдделі екендіктерін атап өтті.

1.jpg

2.jpg

3.jpg