Жарияланған күні:

Словакиядағы стипендиялар: шетелдік студенттердің өтініштерін қабылдау басталды

Словак Республикасының Білім беру, зерттеу, даму және жастар істері министрлігінің дарынды шетел студенттеріне арналған стипендиялық бағдарламаға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Аталған стипендия Словакияда бакалавриат, біріктірілген бакалавриат және магистратура немесе магистратура деңгейінде күндізгі бөлімде білім алғысы келетін шетелдік студенттерге арналған.

Стипендия иегерлері 15 000 евроға дейін стипендия ала алады. Стипендия бакалавриат бағдарламасы немесе бакалавриат пен магистратураның аралас бағдарламасы бойынша қатарынан үш академиялық жыл ішінде, сондай-ақ магистратура бағдарламасы бойынша қатарынан екі академиялық жыл ішінде айына 500 евро көлемінде төленеді.

2025 жылдың 31 шілде Орталық Еуропа уақыты бойынша 23:59-ға дейін https://scholarships.portalvs.sk ресми сайты арқылы қабылданады.

Іріктеудің негізгі критерийі - ең төменгі 1100 баллмен SAT тестінің сәтті нәтижесі.

Стипендияны Еуропалық құрылымдық және инвестициялық қор (ESIF) және Словакия Республикасының мемлекеттік бюджеті есебінен бірлесіп қаржыландырады.

Стипендиаттарға берілетін артықшылықтар:

  • Мемлекеттік медициналық сақтандыруға (қалауы бойынша);
  • Стипендия арқылы қаржылық қолдау;
  • Erasmus+ немесе басқа академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі;
  • Словак және шет тілдеріндегі оқу бағдарламалары, олардың кейбіреулері тегін ұсынылады.

ЖОО-лар мен мамандықтар тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады. https://stipendia.portalvs.sk/public_files/0f8566ab0092ca6d9fcefb83449fb6e9.pdf

Іріктеу талаптары, оқу бағдарламалары және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат жоғарыда көрсетілген сайтта қолжетімді.

Жадынама