Жарияланған күні:

Теориядан практикаға: Ноттингемдегі білім ірі кен орнында қалай қолданылуда

Жәнібек Уәлиев – инженер-технолог, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Магистратураны Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) «Химиялық инженерия» (Chemical Engineering) бағытында аяқтады.

Жәнібек практикалық және академиялық тәжірибесі бар мұнай-газ инженерия саласының маманы.

Жәнібектің кәсіби жолы Теңіз және Қашаған кен орнында басталды. Күкіртсутек бойынша маман болып 3 жыл жұмыс істегеннен кейін алғашқы өндірістік тәжірибеге ие болып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратурада білімін жалғастырды.

Шетелде оқу оған инженерлік мәселелерді шешудің заманауи тәсілдерін игеруге, химиялық инженерия саласындағы білімді тереңдетуге және көпмәдениетті академиялық және кәсіби ортада жұмыс істеу дағдыларын игеруге мүмкіндік берді.

2.jpg

Қазіргі уақытта Жәнібек Уәлиев Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясында инженер-технолог қызметін атқарып, кәсіби қызметін жүзеге асыруда.

Оның жұмысы өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған және мыналарды қамтиды:

  • технологиялық параметрлерді талдау;
  • өндіру режимдерін оңтайландыру;
  • мұнай беруді ұлғайту мақсатында газды кері айдау жөніндегі жобаларға қатысу;
  • техникалық бөлімшелермен және мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл.

Жәнібек алған білімі мен тәжірибесін Қазақстан Республикасының жоғары технологиялық және тұрақты мұнай-газ саласын дамытуға үлес қоса отырып, нақты өндірістік жағдайларда табысты қолданады.

1.jpg

3.jpg

5.jpg