Жарияланған күні:
Ұлыбританиядағы University of Birmingham жоғары оқу орнында «Electrical Power Systems» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
Данияр өзінің кәсіби жолын «KazMinerals» компаниясының Ақтоғай сульфид фабрикасында электромонтер болып бастады. Дәл сол жерде олөнеркәсіптік электр жабдықтарымен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын алды және нақты өндіріс жағдайында ақауларды жоюды үйренді.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, магистр дәрежесін алғаннан кейін ол Қазақстанға оралып, «Wood KSS» компаниясына инженер-жобалаушы болып жұмысқа орналасты. Табиғи газ ағынынан қажетті шикізатты бөлу жолымен полиэтилен өндірісін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның негізгі объектісі — «Gas Separation Unit» үшін жобалау құжаттамасын әзірлеуге қатысты.
2024 жылдан бастап Данияр «NCOC»-та инженер-электрик болып жұмыс істейді. Оның жауапкершілік аймағы UPS жүйелерін, релелік қорғаныспен трансформаторлық жабдықты тексеруді, жаңартуды және оңтайландыруды, сондай-ақ объектілерді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруды қамтиды.
University of Birmingham-де оқып жүргенде Данияр IEC стандарттары бойынша жүйелік дизайнды игерді, Matlab, DigSILENT сияқты бағдарламаларда модельдеуді және есептеуді үйренді. Ол бұл білімді күнделікті инженерлік қызметте сәтті қолданып келеді. 2025 жылы, Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында Атырау қаласындағы 5 университет пен колледждерде 600-ден астам студентке арналған білім беру сессияларын өткізді. Салалық дәрістерде Electrical POD департаментінің атынан қатысып, жас мамандарға өз тәжірибесі жайлы ақпарат берді.
Кәсіби өсуден басқа, оның «Болашақ» бағдарламасына қатысуы жеке өміріне де өз әсерін берді, яғни оқу кезінде ол өзінің өмірлік серігімен кездесіп, онымен отбасын құрды.
«Менің ойымша, энергетика саласы – бұл кәсіби жол ғанаемес, сонымен қатар елдің қарқынды дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Электр жүйелерінің тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету – бұл мені қызықтыратын және менің білімім мен тәжірибем арқылы үлес қоса алатын сала. Электромонтер мамандығынан инженерлік жобаларға дейінгі жол мен үшін тәжірибе мен дамудың нақты жолы болды», - деп атап өтті түлек.