Жарияланған күні:
Қорытынды комиссияның шешімімен Қазақстанның бір азаматы бакалавриат бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнында білім алуға ұсынылды. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім аясында беріліп отыр.
Білім грантын беру жөніндегі түпкілікті шешімді өзбек тарапы қабылдайды. Грант академиялық оқуды, жатақханада тұруды және медициналық сақтандыруды қамтиды.