Жарияланған күні:
Жас ғалым АҚШ-тың Duquesne University университетінде «Денсаулық сақтау менеджменті» бағыты бойынша тағылымдамадан өтіп, «Mental Health Problems in Modern Society» жобасы аясында қазіргі қоғамдағы психикалық денсаулық пен жұқпалы емес аурулар мәселесін терең зерттеді.
Тағылымдама кезеңінде ол екі ғылыми мақала жариялап қана қоймай, америкалық ғалымдармен бірлесе отырып, «Decolonization Resilience» атты ғылыми еңбекті әзірледі.
Бұдан бөлек, Зинат медициналық қызметкерлердің психикалық денсаулығын қолдау және кәсіби күйзелістің алдын алу мақсатында жасанды интеллектіге негізделген ғылыми жоба әзірледі. Бұл бастама – ғылым мен технологияның адам саулығын қорғаудағы тың тоғысуының айқын көрінісі.
Бүгінде жас ғалым денсаулық сақтау менеджменті саласындағы зерттеулерін жалғастырып, цифрлық шешімдер мен HR-технологияларды енгізу арқылы жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуде. Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға белсенді үлес қосып келеді.