Құжат қабылдауды ұйымдастыру басқармасының бас менеджері (уақытша жоқ қызметкерді алмастыру кезеңіне, 23.04.2028 жылға дейін)
(Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz поштасы арқылы қабылданады. Түйіндеме жіберген кезде хатта бос лауазымның толық атауын міндетті түрде көрсету керек).
Білімге қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
кемінде 3 жыл.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті түрде); мүмкіндігінше шет тілін білген жөн; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережелері; Қоғам Жарғысы; құжат қабылдауды ұйымдастыру басқармасы ережелері; Қоғамның даму стратегиясы мен болашағын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар:
мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді жүргізу; дербес компьютер мен кеңсе техникасын жетік меңгеру, жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу тәжірибесі; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; кеңес беру дағдылары; құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізу дағдылары; жағдайды сын тұрғысынан бағалау қабілеті, презентация өткізу, өзгермелі жағдайларға бейімделу қабілеті; үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу қабілеті; командада және дербес жұмыс істей білу, аналитикалық құжаттар мен ақпараттық материалдарды дайындау, ұйымдастырушылық жұмыстар, Қоғамның тиісті қызмет саласында іс-шараларды дайындау және өткізу дағдылары.