Жарияланған күні:

Қызметті қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері

(Осы бос лауазымға түйіндемені cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Түйіндеме жолдағанда хатта міндетті түрде үміткерлік ететін бос лауазымның толық атауын көрсету қажет.)

  1. Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Сәйкес мамандық бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың немесе кәсіби біліктіліктің болғаны құпталады.
  2. Жұмыс өтілі: кемінде 2 жыл. Егер шетелде (магистратура, докторантура) оқу аяқталған болса, онда жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе Қоғамда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
  3. Білімдері:
    • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
    • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
    • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
    • Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы;
    • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар);
    • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
    • Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу қағидалары;
    • Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидалары;
    • Қоғамның жарғысы;
    • Қоғамның даму стратегиясы мен болашағы;
    • Мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шет тілдері (құпталады);
    • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары;
    • Ақпараттық технологиялардың заманауи құралдары және оларды қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін пайдалану мүмкіндіктері;
    • Жеткізушілермен шарттар жасасу рәсімдері және олардың орындалуын бақылау;
    • Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есептілікті құрастыру тәртібі.
  4. Дағдылары:
    • Стратегиялық ойлау қабілеті;
    • Ұйымдастырушылық дағдылар;
    • Ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары;
    • Кеңес беру дағдылары;
    • ДК мен кеңсе техникасын еркін пайдаланушы дағдылары;
    • Жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу дағдылары;
    • Құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары (заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып);
    • Өзгермелі жағдайларға бейімделу қабілеті;
    • Үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу қабілеті;
    • Жағдайды сыни тұрғыдан бағалау қабілеті;
    • Күрделі жағдайда шешім қабылдай білу;
    • Топта және дербес жұмыс істей білу;
    • Презентация жүргізе білу;
    • Ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу.
  5. Қосымша талаптар:
    • Жауапкершілік;
    • Сенімділік;
    • Адалдық;
    • Кәсібилік;
    • Стресске төзімділік.