Жарияланған күні:

Бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік жоспарлау жөніндегі бас менеджері

Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндеме жіберу кезінде хатта міндетті түрде үміткер болып отырған бос лауазымның толық атауы көрсетілуі тиіс.

Білімге қойылатын талаптар:

  • бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім. Тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан немесе кәсіптік сертификаттаудан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

  • қаржы-экономика жұмысында кемінде 3 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе Қоғамдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар); Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңы; «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; Қоғам жарғысы; мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті түрде), шет тілдері (білгені жөн); шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері; материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтері, сондай-ақ оларды жоспарлау тәртібі; ұйым қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау және есепке алу әдістері; бюджеттік өтінімді қалыптастыру, перспективалық және жылдық даму жоспарларын әзірлеу тәртібін; шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен іскерліктер:

  • стратегиялық ойлау; ұйымдастыру дағдылары; коммуникативтік дағдылар; консультациялық жұмыс дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының дағдылары; жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; презентация өткізу.

Қосымша талаптар:

  • жауапкершілік; сенімділік; парасаттылық; кәсібилік; күйзеліске төзімділік; жағдайды сыни бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге; ынтымақтастықты дамытуға, келіссөздер жүргізуге; командада және өз бетімен жұмыс істеу.