Үкіметаралық гранттар

Үкіметаралық гранттар бойынша ақпарат

Мажарстан

1 желтоқсаннан бастап Мажарстанда Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша оқуға құжаттарды қабылдау басталады

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum Бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2026-2027 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын;
  • бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша 30 орын;
  • докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;
  • жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтердің ақысы айына 40 000 HUF шамасында);
  • медициналық сақтандыру.

Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат+магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған мажар тілін шет тілі ретінде курстан өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (мажар тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны толық мөлшерде ала алмайды.

Аталған гранттар туралы ақпарат
https://stipendiumhungaricum.hu/wp-ontent/uploads/2025/10/BA_MA_OTM_Call_for_Applications_2026_27.pdf https://stipendiumhungaricum.hu/wp-content/uploads/2025/10/PhD_Call_for_Applications_2026_27.pdf вебсайтында орналасқан.

2008 жылғы 31 тамыздан кейін туған үміткерлерден өтініш қабылданбайды, (Үміткерлердің жасы 2026 жылғы 31 тамызға дейін он сегіз жастан кем болмауы тиіс) «Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа.

Маңызды: 2026 жылдың 15 қаңтарына дейін https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ веб-сайтында онлайн тіркелу қажет.

Құжаттарды 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 16 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қолма-қол тапсыруға болады.

Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
  2. Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:

  1. балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
  2. білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
  3. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда мына төмендегілер баллмен басымдыққа ие болады (келесі ретпен):

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
  3. көп балалы отбасынан шыққан балалар;
  4. ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер;
  5. шетелдік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлердің тізімі қабылдаушы тарапқа жіберіледі. Соңғы шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.

21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115, 301.

Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Құжат тапсыру бойынша нұсқаулық

ҚР азаматының сауалнамасы

Өзбекстан

Үкіметаралық гранттар бойынша Өзбекстанның жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

2022 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2025-2026 оқу жылына арналған Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындары бакалавриат бағдарламасына 20 оқу грантын ұсынады.

Оқу тілі – өзбек/орыс тілі.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • тегін жатақхана;
  • тегін медициналық қызмет көрсету.

Ескертеміз, қалған шығынды, оның ішінде көлік шығындарын грант иегері өз қаражаты есебінен төлейді.

Құжаттың толық пакеті 2025 жылғы 11 қыркүйекке дейін қабылданады.

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.

Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.

Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратты жадынамадан көре аласыз.

Құжат тапсыру бойынша жадынама
Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін
ҚР азаматының сауалнамасы
Анкета (Өзбекстан)

Тәжікстан

Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындары қазақстандықтар үшін 100 білім грантын бөлді

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім беру саласындағы ынытымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2025-2026 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша грант ұсынылды:

  • бакалавриат – 70 орын;
  • магистратура – 20 орын;
  • үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.

Оқу тілі – тәжік/орыс тілі.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайын стипендия;
  • медициналық қызмет көрсету.

Ескертеміз!!! Қалған шығынды, оның ішінде көлік және тұру шығындарын грант иегері өз қаражаты есебінен төлейді.

Құжаттың толық пакеті 2025 жылғы 12 тамызға дейін қабылданады.

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.

Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.

Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.

Назар аударыңыз!!! Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратты жадынамадан көре аласыз.

Құжат тапсыру бойынша жадынама
ҚР азаматының сауалнамасы
ЖОО тізімі

Қырғызстан

Қырғыз Республикасы қазақстандықтарға 10 білім беру грантын ұсынады

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4 шілдедегі Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қырғыз Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2025-2026 мамандықтарға және оқу бағдарламаларына арналған 10 білім беру грантын ұсынады:

  • техникалық бағыттағы мамандықтарға – 4 орын (бакалавриат- 2, магистратура -2);
  • медициналық бағыттағы мамандықтарға – 3 орын (специалитет/ординатура);
  • гуманитарлық экономикалық бағыттағы мамандықтарға – 3 орын (бакалавриат- 2, магистратура -1);

Оқыту тілі - орыс және қырғыз тілдері.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;

Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды, оның ішінде көлік шығындарын грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Құжаттар 2025 жылғы 15 шілдеге дейін қабылданады.

ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы.
  2. Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге арналған толтырылған сауалнама.
  3. Жеке куәліктің және паспорттың көшірмесі (қолма-қол берген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмелері талап етіледі).
  4. Білім туралы құжат. Құжаттарға қойылатын талаптармен жадынамада танысуға болады. Егер үміткер өтінім берген сәтте білімі туралы ресми құжатты әлі алмаған болса, онда оқып жатқан оқу орны куәландырған транскриптті ұсынуға болады.
  5. Шетелге шығатындарға арналған медициналық анықтама.
  6. АИТВ/ЖИТС жоқтығы туралы анықтама.
  7. Сотталмағандығы туралы анықтама.
  8. Кандидаттардың жетістіктерін растайтын сертификаттар, грамоталар, дипломдар (бар болса).
  9. Таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда).
  10. Шетелде оқуға жіберуге үміткердің (18 жасқа толмаған адамдардың) заңды өкілінің (ата-аналары, бала асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, баланы қабылдайтын ата-анасы, патронат тәрбиешісі) жазбаша келісімі.
  11. Тиесілік фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (болған жағдайда):
    • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
    • мүгедек балалар - «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың түпнұсқасы (салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа үміткерге қайтарылады);
    • көп балалы отбасылардан шыққан балалар – бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын барлық кәмелетке толмаған балаларға мекенжай анықтамалары (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  12. Шетелдік ЖОО-ның мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар шақыруының көшірмесі (бар болса).
  13. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда, конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерден өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы.

Назар аударыңыз! Құжаттар тапсыру бойынша толық ақпаратпен төмендегі жаднама арқылы таныса аласыз.

Құжаттарды тапсыру бойынша жадынама

Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге арналған сауалнама

Жоғары оқу орындарының тізімі

Грузия

Грузияның жоғары оқу орындарына білім алу үшін 5 білім гранты бөлінді

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Грузияның жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Грузияның Білім, ғылым және жастар министрлігі арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласында ынтымақтастық туралы Келісім аясында Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025-2026 оқу жылына қабылдау мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі ашылды.

Гранттар саны: 5

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 2 орын,
  • магистратура бағдарламасы бойынша 2 орын,
  • докторантура бағдарламасы бойынша 1 орын.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;
  • жатақханада тұру;
  • медициналық сақтандыру.

Университеттер мен мамандықтар, оқу тілі туралы толық ақпарат төмендегі сілтемеде көрсетілген University programs.

Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың 15 маусымына дейін (қоса алғанда)

Құжаттар 2025 жылғы 2 маусымынан 15 маусымына дейін (қоса алғанда) «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға кеп қолма қол тапсыруға болады.

Құжат тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен келесі сілтемеде танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs.

Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
  2. Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:

  1. балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
  2. білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
  3. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда мына төмендегілер баллмен басымдыққа ие болады (келесі ретпен):

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
  3. көп балалы отбасынан шыққан балалар;
  4. ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер;
  5. шетелдік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлердің тізімі қабылдаушы тарапқа жіберіледі. Соңғы шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады. 21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115.

Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Жадынама
ҚР азаматының сауалнамасы
University programs
Application form

Әзербайжан

Әзербайжан қазақстандықтарға 12 оқу грантын ұсынады

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2025–2026 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 12 оқу грантын ұсынады:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 3 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын.
  • докторантура бағдарламасы бойынша 2 орын.
  • медициналық білім(жоғары білім) және резидентура бағдарламасы бойынша 2 орын.

Оқу әзербайжан немесе ағылшын тілдерінде.

Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар студенттер үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады. Курстардың ұзақтығы - 6 айдан бір жылға дейін, ол жоғары оқу орны тарапынан анықталады.

Ағылшын тілінде білім алу үшін сізде кемінде дегенде:

  • «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.0; TOEFL 120-дан 40;
  • «Магистратура», «Докторантура» және «Резидентура» бағдарламалары үшін –IELTS 9.0-ден 5.5 TOEFL 120-дан 50 деңгейі бар жарамды сертификат болуы қажет.

Үміткерлер өз қалауы бойынша 3 университет және мамандық таңдай алады.

Жоғары оқу орындар тізімі

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;
  • медициналық сақтандыру.

Ескерту!!! Басқа шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын, грант иесі өзі өтейді.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2025 жылғы 1 сәуірден 30 сәуірге дейін.

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.

Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.

Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.

Құжат тапсыру бойынша нұсқаулық
ҚР азаматының сауалнамасы
Анкета (Әзербайжан) орыс тілінде
Анкета (Әзербайжан) ағылшын тілінде

Словак Республикасы

СЛОВАК РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БӨЛІНДІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Словакия Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Словакия Республикасының Білім министрлігі арасындағы Меморандум аясында қазақстандық азаматтарға магистратура мен докторантурада оқудан өту мүмкіндігі ашылды.

Гранттар саны: 4

  • Магистранттарға 2 грант
  • Докторанттарға 2 грант

Негізгі шарттары:

  • Шәкіртақы магистранттар мен докторанттардың оқу сапарларына арналған (оқу ұзақтығы: 3 айдан 10 айға дейін).
  • Шәкіртақы дәреже алу үшін оқудың толық курсын қамтымайды.
  • Шәкіртақы келесі шығындарды қамтиды: Магистранттар үшін: айына 620 евро. Докторанттар үшін: айына 1025,50 евро.

Медициналық сақтандыру және жол ақысын үміткер өз есебінен төлейді.

Оқу тілі:

  • Словакияда білім словак тілінде (немесе чех тілінде), сонымен қатар ағылшын тілінде жүргізіледі. Словак (чех) тілін білу деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, өтініште ағылшын тілін білу деңгейін көрсету қажет.

Гранттар туралы толық ақпарат веб-сайтта берілген. https://www.minedu.sk/scholarships-offered-within-the-framework-of-bilateral-programs-of-cooperation-for-20252026

Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың 5 наурызына дейін (қоса алғанда).

Құжаттар 2025 жылғы 3 ақпаннан 5 наурызына дейін (қосы алғанда) «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға кеп қолма қол тапсыруға болады.

Құжат тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен келесі сілтемеде танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs

Application