Өзекті жаңалықтар мен анонстар
15/05/2025
ГРУЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 5 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Грузияның жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды!
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Грузияның Білім, ғылым және жастар министрлігі арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласында ынтымақтастық туралы Келісім аясында Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025-2026 оқу жылына қабылдау мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі ашылды.
Гранттар саны: 5
14/05/2025
University of Warwick-те магистратурада оқу жұмысқа деген көзқарасты қалай өзгерттіРайымбек Әлжанов - Қазақстанның ірі кен орындарының бірі - Қашаған жобасында жұмыс істейтін NCOC компаниясының инженері. Оның мұнай-газ саласында алты жылдан астам тәжірибесі бар.
Ол ҚБТУ оқу орнында «Мұнай-газ» мамандығы бойынша бітіріп, 2024 жылы «Болашақ» стипендиясы шеңберінде Engineering Business Management бағдарламасы бойынша Warwick University (WMG) магистр дәрежесін алды. WMG-де оқу оның кәсіби дамуының маңызды кезеңі болды. Бағдарлама техникалық және басқару пәндерін біріктірді, тиімді, тұрақты және бизнес үшін шынымен пайдалы шешімдерді іздеуге үйретті.
Оқу барысында Райымбек кейс
12/05/2025
Ұлы ойшылдың 180 жылдығына орай: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері Абай мұрасы туралы фильм көріп, талқыладыАғымдағы жылдың 12 мамырында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері «Абай ізімен» атты деректі фильмді бірлесіп тамашалап, талқылады.
Абайдың өмірі, шығармашылығы мен философиялық мұрасына арналған бұл фильм ақынның қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі мен ұлттық сана және рухани құндылықтарды қалыптастыруға қосқан үлесі туралы мазмұнды диалогқа себеп болды. Іс-шараға қатысушылар Абай идеяларының қазіргі қоғамдағы өзектілігін және мәдени мұраны сақтау маңыздылығын атап
06/05/2025
Алишер Сансызбаев: Шекарасыз ғылым: үлкен мақсатқа қадам-қадамменӘлішер – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының жеңімпаздарының бірі. Қазіргі таңда ол Queen's University Belfast-те «Қаржы» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр және де өзінің ғылым жолындағы сенімді қадамдарын жасап келеді.
Бүгінде Әлішер ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдарының жұмыс тобына кіреді, халықаралық әріптестерімен тәжірибе алмасады және Қазақстанның болашағына үлес қосуға бағдарланған ғылыми жолды құрып келеді.
Әлішер өз үлгісінде мемлекет қолдауының арқасында әркім өзінің ғылыми жолын ашуға және жалғаст
06/05/2025
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасындағы Испания Елшілігімен кездесуі«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Испания Корольдігі Елшілігінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Орталық өкілдері «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын академиялық оқуды да, ғылыми тағылымдамаларды да қамтитын мамандарды даярлаудың басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Испания арасындағы білім алмасуды кеңейту мүмк
02/05/2025
Cardiff University мен «ХБО» АҚ ғылыми тағылымдамалар саласында ынтымақтастықты күшейтеді30 сәуірде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінде Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі әрі беделді Russell Group тобының мүшесі Cardiff University басшылығымен кездесу өтті. Қазақстандық студенттер мен зерттеушілер үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру және сапасын арттыру мәселелеріне басты назар аударылды.
Cardiff University академиялық стандарттардың жоғары деңгейімен және маңызды ғылыми жетістіктерімен танымал. Университет өнер, гуманитарлық ғылымдар, инженерия, денсаулық сақтау, жаратылыстану және техникалық ғылымдар сияқты салаларда оқыту мен зерттеу бағд
02/05/2025
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Tempus Foundation-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылау2025 жылғы 30 сәуірде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адиль Кусманов Tempus Foundation мажарстандық ұйымының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Талқылауға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілі Әсел Бөлекбаева да қатысты.
Тараптар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстан Республикасы Адами ресурстар министрлігі арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі қазіргі өзара іс-қимылды талқылады.
Tempus Foundation – халықаралық білім беру ...
02/05/2025
Ғылыми тағылымдамалардың жаңа қағидаларын біздің бейнероликтен көріңіздер2025 жылы Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына маңызды өзгерістер енгізілді.
Енді конкурс кезең-кезеңімен өтеді, зерттеулердің бағыттары мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді, ал үміткерлер мен ғылыми нәтижелерге қойылатын талаптар одан да жоғары болады.
Негізгі өзгерістер: