Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

30/06/2025

Қос ғалым. Бір отбасы. Ортақ миссия

Достар, бүгін біз сіздерді «Болашақ» бағдарламасының түлектері, бірлескен өмірі ортақ құндылықтар мен білімге деген терең сүйіспеншілікке негізделген ерлі-зайыптылар – Гүлзат Демеуова және Елдар Байкенмен таныстырғымыз келеді. Олардың жолы – Қазақстандағы прогресс, тұрақты болашақ және ғылымның дамуы үшін күн сайын жұмыс істейтін ғалымдардың жолы.

Гүлзат білімін Қазақ-Британ техникалық университетінде бастады, содан кейін Bellerbys College-де оқыды, «Болашақ» бағдарламасы бойынша University of Bath-те бакалавр дәрежесін алды, содан кейін University of Leeds-те магистратураны аяқтады.

Қазақст

Толық оқу
бөлісу

27/06/2025

Халықаралық бағдарламалар орталығы қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы - Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған онлайн-эстафетаны жалғастыруда!

Бүгін біз эстафета аясында жаңа бейнероликті ұсынуға қуаныштымыз, алдарыңызда Абай шығармасын поляк тілінде оқыған "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі - Долорес Тюлебекова.

Абай мұрасы Қазақстан шекарасынан тыс елдерге де таралып, әлемнің түрлі тілдерінде естіліп, адамдарды мәңгілік құндылықтар — білімге, ақиқатқа және руханиятқа деген сүйіспеншілік төңірегінде біріктіретін тағы бір дәлел.

Толық оқу
бөлісу

26/06/2025

ҚР ҒЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 26 маусымда ҚР ҒЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Құсманов және ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Г. Байтұрсынов Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық бағыттарының бірі кәсіби әлеуетті, оның ішінде жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) бағыты бойынша дамыту. Бұған қоса, «Болашақ» халықаралық стипендиясына іріктеу қағидалары, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша ақпарат алмасуды, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша консультацияларды жүзеге асы

Толық оқу
бөлісу

25/06/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Астана ұлттық зертханасының кездесуі

2025 жылғы 25 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы атынан Басқарма төрағасы А. Құсманов пен Басқарма төрағасының орынбасары А. Рахмет Назарбаев Университетінің базасында орналасқан Астана ұлттық зертханасының (NATIONAL LABORATORY Astana) өкілдерімен кездесті.

Ұлттық зертхана тарапынан зертхананың бас директоры, профессор Дос Сарбасов, Энергетика және озық материалдар орталығының директоры (Center for Energy and Advanced Materials), доктор Жұмабай Бакенов, сондай-ақ Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры (Center for Life Sciences), доктор Айнұр Ақылжанова қатысты.

Аста

Толық оқу
бөлісу

23/06/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2025 жылғы 20 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ (ҰБОО) арасында жұмыс кездесуі өтті, оның шеңберінде қос тарап медициналық білім беру және кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

ҰБОО тірек-қимыл аппараты бұзылған, неврологиялық бұзылулары бар және басқа да диагноздары бар балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін елдің жетекші мекемесі. Орталық роботтандырылған механотерапияны, кәсіптік терапияны, логопедиялық түзетуді, нейропсихологиялық және физикалық оңалтудың заманауи технологиялары

Толық оқу
бөлісу

20/06/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Дүниежүзілік банк «Болашақ» бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау тәсілдерін талқылады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов Дүниежүзілік Банктің аға экономисі Метин Небилермен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау тәсілдері мен әдістемесі талқыланды.

Тараптар бағдарламадан болатын әсердің сандық және сапалық индикаторларын қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық бағалау моделін құру тәсілдерін қарастырды.

Тараптар бағдарламаның орта және ұзақ мерзімді әсерін талдауға жүйелі тәсілдің маңыздылығын және одан әрі ынтымақтастықта болуға дайын екенін атап өтті.

14.jpg

15.jpg

Толық оқу
бөлісу

18/06/2025

МАРОККОНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 20 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

Марокко Корольдігі серіктес елдерге 2025-2026 оқу жылына арналған Марокконың жоғары, техникалық және кәсіптік мемлекеттік оқу орындарында стипендиямен 20 оқу грантын ұсынады.

Оқу деңгейлері: Бағдарлама үміткерлерге Марокконың жетекші университеттерінде келесі деңгейлер бойынша білім алуға мүмкіндік береді:

  • Бакалавриат;
  • Магистратура;
  • Докторантура.

Оқыту тілі: Мароккодағы көптеген оқу орындарында оқытудың негізгі тілі – француз тілі. Ғылыми, техникалық және экономикалық бағыттарын таңдаған, бірақ француз тілін меңгермеген үміткерлер Рабат қаласындағы Халықаралық тілдер орталығында AMCI ұйымд

Толық оқу
бөлісу

17/06/2025

Stipendium Hungaricum грант иегерлерінің тізімі жарияланды

2025-2026 академиялық жылға арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған Қазақстандықтардың түпкілікті тізімі жарияланды.

Білім беру гранттарын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Грант оқу ақысын, стипендияны, жатақханада тұруды немесе жалға берілетін тұрғын үйге ақы төлеуді, сондай-ақ медициналық сақтандыруды қамтиды. Қосымша шығындарды грант иегерлері өз бетінше өтейді.

Грант иегерлерінің тізімі

Толық оқу
бөлісу