Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

02/06/2025

ГРУЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 5 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Грузияның жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Грузияның Білім, ғылым және жастар министрлігі арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласында ынтымақтастық туралы Келісім аясында Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025-2026 оқу жылына қабылдау мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі ашылды.

Гранттар саны: 5

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 2 орын,
  • магистратура бағдарламасы ...
Толық оқу
бөлісу

29/05/2025

«Болашақ» стипендиясының иегерлері тізімі жарияланды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 189 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.

Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат – магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Тізімі

Толық оқу
бөлісу

28/05/2025

Қасенова Жанар Мұратбекқызы «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының стипендиаты

Қасенова Жанар Мұратбекқызы «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының стипендиаты, «Қазтехнокөмір» ғылыми-өндірістік бірлестігінің басшысы, «Көмір химиясы және технологиялар институты» ЖШС директордың орынбасары, зертхана меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкері.

Көмір химиясының жетекші ғылыми қызметкері ретінде Жанар елдің көмір ресурстарын тиімді әрі экологиялық қауіпсіз пайдалануға бағытталған озық ғылыми әзірлемелерді іске асырады.

Оның жетекшілігімен Қазақстанның түрлі кен орындарынан (Богатырь, Мамыт, Майкүбі және т.б.) көмір брикеттерін, түтінсіз отынды, жартылай коксты, коксты алу бойын

Толық оқу
бөлісу

27/05/2025

Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында 189 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.

Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.

Стипендия иегерлерінің 164-і – магистратурада, 10-ы докторантурада білім алмақ. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Маман даярлаудың басым бағыттарына ерекше назар аударылды....

Толық оқу
бөлісу

22/05/2025

Вклад Майры Казанкаповой в химические и экологические исследования Казахстана

Майра Казанкапова — «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының стипендиаты, PhD, қауымдастырылған профессор, ғылымға, педагогикаға және прогреске берілгендіктің жарқын мысалы.

Қазіргі уақытта Майра жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, сондай-ақ «Көмір химиясы және технологиялар институты» ЖШС ғылыми хатшысы. Оның ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 17 жылдан асады, қызмет барысында ол жетекші ғылыми қызметкер және зертхана меңгерушісі лауазымдарын атқара отырып, үнемі жоғары кәсібилік пен көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.

Көміртекті адсорбенттерді өндірудің экологиялық таз

Толық оқу
бөлісу

21/05/2025

Pennsylvania State University өкілдерінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымымен кездесуі

21 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінде Пенсильвания мемлекеттік университетінің (The Pennsylvania State University, Penn State) өкілдерімен кездесу өтті. Делегация құрамында Қонақ үй менеджменті мектебінің профессоры Филип Джолли (Dr. Филлип Джолли) және Еуразия аймақтарымен серіктестік келісімдер мен ынтымақтастық жөніндегі директор Влад Лихолетов (Vlad Likholetov) болды.

Пенсильвания штаты университеті – Penn State ретінде кеңінен танымал АҚШ-тың ірі мемлекеттік зерттеу университеттерінің бірі. Бас кампус Пенсильвания штатындағы Юниверсити-Парк қаласында орналасқан. P...

Толық оқу
бөлісу

21/05/2025

Қазақстандық білім беру бастамалары Санкт-Петербургтегі «Эндаумент ЭКСПО» көрмесінде ұсынылды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылғы 20–21 мамырда Санкт-Петербург қаласында өткен «Эндаумент ЭКСПО: білім, ғылым, әлеуметтік сала» атты халықаралық көрмеге қатысты.

Іс-шараға түрлі елдерден келген сарапшылар, жоғары оқу орындарының өкілдері, қайырымдылық қорлары мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды.

Қазақстандық делегация құрамында Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының (ЖБДҰО) өкілдері де болды. Пленарлық бағдарлама аясында ЖБДҰО директоры Ф.Ш. Қуанғанов Қазақстандағы эндаументтер туралы баяндама жасады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ халықаралық акад

Толық оқу
бөлісу

19/05/2025

Жатқанбаева Жанна Қаланбекқызы, Халықаралық бағдарламалар орталығының «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының стипендиаты, химия ғылымдарының кандидаты, доцент

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің Химия кафедрасында жұмыс істейді.

Тағылымдама Bioagrilab зерттеу зертханасында, Сиена университетінің (Италия) өмір туралы ғылымдар кафедрасында, ауаның ластануының сезімтал организмдерге биологиялық әсерін зерттеу саласындағы танымал маман профессор Стефано Лоппидің шақыруымен өтті.

Сиена университетінде тағылымдамадан өту бірегей мүмкіндіктер берді:

  • ғылыми ой-өрісін кеңейту және биомониторинг және тұрақты өсімдік шаруашылығы саласындағы жаңа тәсілдерді игеру;
  • топырақ пен өсімдік ...
Толық оқу
бөлісу